Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақ болмайды.
Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. Ақтүтек боран салдарынан 9 облыста жолдар жабылды. Көріну мүмкіндігі толықтай шектелгендіктен,
Нұр-Сұлтан қаласына кіріп-шығатын барлық бағыттағы тасжолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды. Қатты желден арнайы техникалар омбы қарды тазалап үлгермеуде. Осы жағдайды ескере отырып, полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің мұқият болуы керектігін ескертеді.
