426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдықтар үшін емханаға тіркелу оңай

  • 437
  • UPD: 09:57, 27.01.2020
Оралдықтар үшін емханаға тіркелу оңай

Оралдықтар емханаға тіркелу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына сабылмай-ақ бар шаруаны үйден тындыра алады.

Ол үшін ғаламтор желісіне қосылған компьютер немесе смартфон болса жеткілікті. Емханалардың базасына ену үшін ең әуелі мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Қазір барлық емханада жұмыс істеп тұрған өз-өзіне қызмет көрсету орталықтары бұл жүйені жан-жақты түсіндіретін мамандармен қамтылған. Жыл басталғалы бері емханаға тіркелу үшін келетін тұрғындар саны көбейіпті. Бүгінгі күнге дейін өңір тұрғындарының 90 процентке жуығы арнайы базаға тіркеліп үлгерген. Бастысы, қызмет түрін алу өте жеңіл. Орталыққа келгендер 10 минуттай уақыт жұмсап, жаңалықтың жай-жапсарына қаныға алады. Өтініштер бір тәуліктің ішінде өңделіп, алғашқы медициналық санитарлық қызмет көрсету базасына түседі.

Аман Мұхамбетов, қала тұрғыны:

– №2 ХҚКО-ға келдім, поликлиниканың қызмет алу үшін. Өте жылдам екен, бір реттік құпиясөз арқылы 10 минуттың ішінде тіркеп берді.

Эльмира Жоламанова, ХҚКО маманы:

– Кез келген интернетке қолжетімді жерден, яғни үйде немесе жұмыста отырып өтініш білдіруге болады. Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімі өтіп кеткен болса, қайтадан Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, ЭЦҚ алуға болады немесе мерзімі өтуге жақындаған уақытта ХҚКО-ға келмей-ақ, үйде отырып интернет арқылы pki.gov.kz сайты арқылы ЭЦҚ мерзімін ұзартуға болады.

Хабар 24 телеарнасы