422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

SCAT әуе компаниясы Хайнань аралына ұшатын рейстерді тоқтатты

  • 639
  • UPD: 11:52, 27.01.2020
SCAT әуе компаниясы Хайнань аралына ұшатын рейстерді тоқтатты

Коронавирустың өршуіне байланысты еліміздің SCAT ауе компаниясы Қытайдың Хайнань аралына ұшатын барлық рейстерді шектеді.

Бүгін Алматы-Хайкоу және Нұр-Сұлтан-Санья бағытымен ұшатын рейстер тоқтатылды. Сонымен қатар 30 қаңтарға жоспарланған Алматы-Хайкоу рейсі де кейінге қадырылды. Бұл ақпаратты SCAT авиакомпаниясының өкілі растады. Сонымен қатар «Тез Тур» туристік операторы бұл бағыта ұшатын барлық рейстер тоқтатылғанын растап, туристік жолдама сатып алғандарға бұл ақпаратты тез арада жеткізу керектігі айтылды. Дегенмен бүгін Қытайдан Қазақстанға ұшып келетін рейстер кесте бойынша жүзеге асады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша туристер осы бағытқа жолдаманы сатып алған туристік операторларға жүгінуі керек.

Хабар 24 телеарнасы