376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халық МӘМС туралы қаншалықты хабардар?

  • 127
  • UPD: 15:46, 27.01.2020
Халық МӘМС туралы қаншалықты хабардар?

Биылдан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен көпшілік зор үміт күтеді. Әсіресе бұл көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады деген сенімде. Өйткені енді жұмыс беруші есебіненқарамағындағы қызметкерлер үшін арнайы ашылған қорға жарна аударылады. Сөйтіп, салаға бөлінетін қаржы көлемі арта түспек.  Ал зейнеткер, студент, ерекше күтімдегі адамдар мен көп балалы аналар мемлекеттік кепілдік негізінде тегін ем-дом қабылдайды. Қарапайым халық осы денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер туралы біле ме?

Мейрамгүл Жексембина, қала тұрғыны:

- Қазіргі жүйе бойынша біз жақсы жоғары тәжірбиелі мамандарға тіркелуге мүмкіндік бар. Сондықтан жалпы медициналық қызмет көрсету саласы жақсы болады деп ойлаймын. 

Біржан Жетпісбаев, студент:

- Осы медициналық сақтандыру жайлы естіп  арнайы мамандардан естіп білдік. Біз студенттер үйінде тұрғандықтан біз үйімізден алыс боламыз. Өзімізге керек көмекті осы арқылы тегін ала аламыз. 

Аслан Қанғожин, қала тұрғыны:

- Мен жұмыс істеймін. МӘМС қорына еңбекақымнан бір процент аударылып тұрады тұрақты түрде. Осы жерде заңды сұрақ туындайды егер мен бір жыл  бойы ауырмасам сонда ол менің жұмсаған ақшам қайда кетеді деген сияқты.   

Қала тұрғыны:

- Мен шетелдерде бірсыпыра елдерде болдым. Оларда былай емес. Оларда мысалы 25 қабатты ғимарат бар. Сонда барлық мамандар дәрігерлік көмек көрсетеді. Таңертең анализді тапсырдық. Қазір әлі жүрміз көлікпен. Үлгере алмай жатырмыз.

Нәғима Мұратова, қала тұрғыны:

- Пайдасы бар әрине. Сақтандыру болса, бәрі тегін өтеді. МРТ, КТ бәрі тегін болады. 

Қала тұрғыны:

- Страхование деген ол ақша алу ғой оларға. Ол сосын оны қайтара ма жоқ. Мен аллаға шүкір қазір 80-нен астым денсаулығым жақсы. Бірақ мен аллаға сенетін адаммын. Дәрігерге бармаймын, дәрі де ішпеймін, денім де сау. Ал балаларға керек, бірақ енді оған көз жетіп тұрған жоқ, өзі қазір шындықтан кеттік қой қазір.

Қала тұрғыны:

- Болашақта енді керек нәрсе, енді бізге емделу керек қой. 

Қала тұрғыны:

- Осы жолы мен оқып жатырмын. Кейбір кәрі кісілер бар ғой соларға бір қалай айтсам, көмек көрсетілмейді - дейді. Бірінші көмек пе әлде мына міне түскен. Сол жағын кішкене ойластыру керек. 

Қала тұрғыны:

1.- Хабарым бар әрине. Бәрі өте тамаша жақсы. Медицина тамаша болып келе жатыр. Менің ешқандай шағымым жоқ. Енді ары қарай көреміз қалай болатынын.

- Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы не білесіз? Хабардарсыз ба жаңа жүйеден? 

- МӘМС бізде шықты ғой Қазақстанда. Сол туралы хабарларыңыз бар ма?

2. - Шыққанда шықты ғой, анау жазылып тұр ғой.

3. - Түсіндірді жұмыс орнымда айтты бұл туралы. 1% төлейміз. Енді тиімді деп жатқаным мысалы, басқа ауданға барып қалсаң қабылдамайды. Жаппай Қазақстан бойынша болғаннан кейін енді, барлық жерге барып көріне бересің сақтандыруыңды айтып.

МӘМС бізде шықты ғой Қазақстанда. Сол туралы хабарларыңыз бар ма?

4. - Жооқ. Хабарымыз жоқ.

5. - Мысалы, мен қазір барып зертханадан өтер болсам, ол жерлерде 12-13 мыңнан өтетін нәрселер одан да қымбат болады дейді. Маған ескерткені солай болды. Ал егер тіркелсеңіз, сақтандыруға жарна төлесеңіз мұның бәрі тегін болады. Бізге тиімділігі сол болады да.  

Сұлтанғали Әбдірайымов, қала тұрғыны:

- Бұл қызмет жайында естідім. Осы жылдан бастап іске қосылды. Бұл әрбір азаматқа тиімді деп ойлаймын. Теледидардан жаңалықтан естіп жатырмыз. Әбір адамның айлығынан 1 пайызын сақтандыруға аударып отырады екен. Оның ерекшелігі – кезкелген емханаға жеке болсын, мемлекеттік болсын қажетті деңгейде тегін емін ала алады. Өзінің қалаған емханасына бара алады. Қайда жақсы қызмет көрсетеді, өзі таңдайды. Осы жағынан тұрғындарға өте ыңғайлы екен. Мен әлі өзім пайдаланып көрген жоқпын. Бірақ жаңалықтан естіп қуанып жатырмын.

Еркінгүл Нұрымбетова, қала тұрғыны:

- Бұл мәселе жайында естіп жатырмыз. Бірақ енді өзім жүгініп көрген емеспін. Айлық көрсеткішінің бір процентін ұстаймыз деп жатыр ғой. Бұл жақсы жағынан шығар деп ойлаймыз енді. Біз де қолданып, аладғы уақытта пайдаланамыз деп ойлаймын. Әр азамат өзінің денсаулығы үшін жүгіну керек деп ойлаймын. Келешекте барлығымызға керек.

Хабар 24 телеарнасы