445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында қолайсыз ауа райы сақталады

  • 210
  • UPD: 14:00, 27.01.2020
Павлодар облысында қолайсыз ауа райы сақталады

Павлодар облысында қолайсыз ауа райы әлі де сақталады. Толассыз жауған қардан  қала көшелері тазартылып жатыр. Соңғы екі тәулікте 7 мм жуық қар түсіп, 25 мың тоннадай қар шығарылған. Қазір желдің жылдамдығы артып, күн бұрқасын болып тұр. Ертіс өңіріндегі жағдайды тілшіміз Қарлығаш Қасиетова телефон арқылы баяндайды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Павлодар облысында ауа райы құбылмалы болып тұр. Апта бойы толассыз жауған  қар мен боранның салдарынан  барлық бағытқа жүретін жолдар жабылды.  Бүгін таңертең  желдің жылдамдығы секундына 16-20 метрді құрады.  Осыған орай  бірінші ауысым бойынша бастауыш сынып  оқушылары үшін сабақ өткізілген жоқ. Қазір сынап бағанасы -3 градусты көрсетіп тұр. Ал желдің жылдамдығы сәл бәсеңдеген, секундына 6-13 метр. Екінші ауысымда оқитындар мектепке барады. Қала ішінде жағдай соншалықты күрделі деп айта алмаймыз. Өйткені коммуналдық сала қызметі уақытпен санаспай жұмыс істеп жатыр. Барлық күш орталық көшелер мен халық көп жүретін орындарға  жұмылдырылған. Соңғы екі тәулік ішінде облыс орталығынан 25 мың тоннаға жуық қар шығарылды. Ал, жекеменшік сектор мен көп қабатты үйлердің аулаларындағы  қар әлі толық тазартылған жоқ. Сенбі күні Еріктілер «Біз біргеміз» атты челленджбен қолдарына күрек алып, қар күреуге шықты. Олар алдымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын үйлердің аулаларын қардан тазартқан. Бұл бастамаға   мемлекеттік қызметкерлер мен бизнес құрылымдары қолдау білдірген. Бүгінгі таңда 20 шақты аула тазартылды. Синоптиктердің болжауынша жауын-шашын әлі бірнеше күнге созылады. Ал бейсенбіге қарай аяз күшіне енеді деген болжам бар. Облыс бойынша ауа температурасы -20, -25 кей жерлерде -28 градусқа дейін төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы