437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысына шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 3 есеге қысқартылды

  • 187
  • UPD: 15:43, 27.01.2020
Қызылорда облысына шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 3 есеге қысқартылды

2019 жылы экономикалық қызмет түрлері бойынша өзге мемлекеттен 1 мың 437 адамды әкелу мүмкін болса, биылдан бастап ол 356 бірлікті құрап отыр. Сырттан келген мамандар негізінен құрылыс, мұнай-газ, ғылыми-техникалық салаларда жұмыс істейді. Қазіргі таңда өңірдегі 23 кәсіпорында 205 шетелдік еңбек етіп жүр.

Бекзада Әбдіхалықова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:

- Ал бұл кәсіпорындарда 5 мыңнан астам қазақстандық азамат жұмыс атқарады. Қызылорда облысында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметі белгілейтін квота арқылы рұқсат беріледі. 2019 жылы облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартылған 1437 бірлік ішінен тек 267 рұқсат берілді.

Хабар 24 телеарнасы