375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бетпақдалада 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті

  • 94
  • UPD: 14:51, 27.01.2020
Бетпақдалада 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Түркістан облысы Созақ ауданында 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір өңірдің құтқарушылары жоғалған тұрғындарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Облыстық ТЖД хабарлауынша, 24 қаңтарда 1968, 1974 және 1977 жылы туған 3 ер адам туыстарына Қарағанды облысы Қаражал кентінде екендігін айтқан. Олар Бетпақдалаға «Шансиман», «Камаз» және «Ман» автокөлігімен шығатындығын хабарлаған. Бірақ содан кейін ешбір хабар болмаған. Екі тәуліктен кейін туыстары ТЖД-ға хабарласып, іздестіру шараларын жүргізуін өтінген. «Құтқарушылар 27 қаңтарда сағат 07.00-ден бастап іздестіру жұмыстарына кірісті. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-ның 1 қызметкері және 1 жергілікті аңшы жұмылдырылды. Сағат 11.20-дағы жағдай бойынша іздестіру нәтиже берген жоқ», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы