421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде дін саласына қатысты жаңа стратегиялық құжат әзірленіп жатыр

  • 574
  • UPD: 22:41, 27.01.2020

Елімізде форумдар мен семинарлар саны қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Президент сынанан кейін 800-ге жуық шараны алдын ала жоспардан алып тастаған. Тіпті Абайдың 175, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы біраз жиындар қысқартылған.

Бұл - былтыр елімізде кең ауқымда жүргізілген «Жусан» арнайы операциясы. Жат ағымның жетегінде кетіп, от пен оқ ортасында жүргендердің елге оралған сәті. Мемлекеттік қамқорлық мұнымен шектеліп қалмайды. Әйелдер мен балалар қоғамға қайта бейімделіп, 100 пайыз оңалып кетуі тиіс. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы шаруаға жауапты құрылым ретінде дін саласына қажетті жаңа стратегиялық құжат әзірлеуге кірісті.

Дәурен Абаев, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Биылғы біздің міндеттер. Біріншіден 30 жылға дейін жастар саясаты тұжырымдамасын жасау, екіншіден жастарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны бекіту, бұл құжатта баспана беру, жұмыспен қамту механизмдері қарастырылады. Үшіншіден, отбасылық гендерлік саясаттың 30 жылға дейін екінші сатысын жүзеге асыруға кірісу. Ол көп балалы аналарды, жалғызбасты аналарды қолдау шараларын, кризис орталықтарының, әлеуметтік қызметтердің жұмысын жетілдіру және тағы басқа.

Министрлік Абайдың 175 жылдығы мен Тәуелсіздік күні қарсаңында форумдар мен жиындар санын айтарлықтай қысқартып үлгерген. «Президент тапсырмасы бойынша іс-шаралардың рухани құрылымы байытылып, қоғамға әсері артады деді министр.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Ең негізгісі, біз тарихи жерлерімізді жастарға насихаттауымыз керек, олар білу керек Әл-Фарабидің кім екенін, Абайдың кім екенін. Мемлекет басшысы жақсы бастама бастады. Соны жалғастыруымыз керек.

Ақпарат саласында мемлекеттік тапсырыс механизмдері қайта қаралады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасы жалғасын табуы тиіс. Қазірдің өзінде киелі жерлер жөнінде мәліметтер қолжетімді. Кез келген ақпараттық жүйеден табуға болады. Ал волонтерлікпен айналысатын жастардың стипендиясы биыл 30 пайызға артады. Еңбек ететіндері баспанаға ие болып, дипломмен ауылға бағдарламасы аясында берілетін бір реттік жәрдемақы да көбейеді.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы