379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау халықаралық әуежайында карантиндік бақылау күшейтілді

  • 153
Ақтау халықаралық әуежайында карантиндік бақылау күшейтілді

Қытайда коронавирустық инфекцияның тіркелуіне байланысты Ақтау халықаралық әуежайында санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала сақтық шараларына сәйкес, шетелден келген барлық жолаушы тепловизордың көмегімен тексеріліп жатыр. Аталған құрылғы жолаушының дене қызуын бір жарым метр жерден анықтайды. Температурасы 37 градустан жоғары көрсеткен жолаушы бірден оқшауланып, тексеріледі. Себебі коронавирустың басты белгісі – дене қызуының көтерілуі. Халықаралық әуежай аптасына 20-ға жуық шетелдік әуе рейстерін қабылдайды. Тбилиси, Баку, Ыстамбұл, Мәскеу, Махачкаладан келген ұшақ жолаушылары тексерілді. Ал Қытайдан тіке әуе рейстері жоқ. Транзитпен Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арқылы келеді. Әзірге ішкі әуе рейстерінің жолаушылары тексеріліп жатқан жоқ.

Оңайгүл Шанышбаева, санитарлық карантиндік қадағалау бөлімінің бас маманы:

– Осы таңға қарай әуежайда қызуы жоғары жолаушылар тіркелген жоқ. Жолаушылармен, жолсеріктермен жадынамалар тапсырылып, түсініктеме жұмыстары жасалып жатыр. Жолаушылар арасынан күдікті науқас анықталған жағдайда, қызу көрсеткіші жоғары жолаушы тіркелген жағдайда бізде арнайы оқшаулау бөлмесі дайындалған. Апта бойынша халықаралық 16 ұшақ тексеріледі.

Хабар 24 телеарнасы