376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Антикор» сервистік орталығы ашылды

  • 183
  • UPD: 20:05, 27.01.2020
Таразда «Антикор» сервистік орталығы ашылды

 

Мұнда тұрғындар құқықтық кеңес алып, заңгерлердің көмегіне жүгіне алады.

Сонымен қатар азаматтардың арыз-шағымдары осы жерден қабылданып, кедергілерге тап болған кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі. Ең бастысы ашық, әділ әрі кедергісіз. Мамандардың айтуынша, бұл сыбайлас жеморлықтың алдын алып, дерек тіркелген жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғам өкілдері мен агенттік арасындағы қарым қатынасты нығайтып, жұрттың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырады. Екі қабатты ғимарат заман талабына сай етіп салынған. Электронды кезек, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр.

Равиль Төлебаев, СЖҚІҚА облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Құқық қорғау органы болғандықтан, азаматтардың кіріп-шығуында қиындықтар болған. Тіркелу керек болатын. Одан кейін азаматты шақырады. Ал бұл – ашық форматтағы жұмыс. Ол еліміздегі жаңа үрдіс. Кірген бойда алдарынан мамандар шығады да, аз уақыттың ішінде ашық форматта жүздесе алады.

Хабар 24 телеарнасы