376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боранды күні жұмыстан кешіккендерге «Қазгидромет» анықтама береді

  • 148
  • UPD: 21:59, 27.01.2020

Дауылдың кесірінен жұмыстан кешіксеңіз, қапаланбаңыз.

«Қазгидромет» орталығынан арнайы анықтама алып, басшылыққа көрсетіңіз. Ескеретін екі жайт бар. Біріншіден, осы «Қазгидромет» орталығынан қалта телефоныңызға дауылды ескерту жайлы хабарлама келуі керек. Екіншіден, жаңағы анықтама арқылы сіз тек жарты күнге босатыласыз. 

Бауыржан Сыздықов, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

– Дауылды ескерту туралы хабарлама «Қазгидрометтен» келіп түссе, анықтаманы сол мекеме береді. «Қазгидрометтің» ондай құзіреті бар. Яғни олар өздеріне өтініш білдірген тұрғындарға ауа райының қолайсыз болғандығы жайында анықтаманы берулері тиіс. Яғни бұл құжат ауа райының кесірінен жарты күн жұмыстан қалғандығын куәландырады.Бірақ төтенше жағдай жарияланды деп, мүлдем жұмысқа келмей қоюға болмайды.

Тағы бір ақпар. Қаңтардың 23-нен бері елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты «Сергек» камералары жол ережесін бұзғандардың бәрін бірдей тіркеп жатқан жоқ. Айыппұл тек жылдамдықты арттырған автокөлік иелеріне салынады.

Хабар 24 телеарнасы