377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы бірнеше мектепте карантин жарияланды

  • 146
  • UPD: 20:04, 27.01.2020
ШҚО-дағы бірнеше мектепте карантин жарияланды

Шығыс өңірдегі Қатонқарай ауданында бір, ал Алтай ауданында екі мектепте тұмауға байланысты карантин жарияланып, сабақ уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үш білім ошағында мың жарым бала білім алса, соның 36 проценті тұмауға шалдыққан. Алтай қаласындағы 973 оқушы оқитын нөмірі 6 мектепте қаңтардың 25-нен 31-іне дейін сабақ болмайды. 500 оқушысы бар 8-орта мектепте сабақ осы аптаның соңына дейін тоқтатылды. Оқушылар бағдарламадан қалмауы үшін мұғалімдер тапсырманы онлайн орындатып жатыр. Жалпы облыс бойынша қаңтар айының 16 мен 22 аралығында 4 171 адам тұмауға шалдыққан. Олардың басым бөлігі – 14 жасқа толмаған балалар.

Ләтипа Жұмаханова, тауарлар мен  көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау басқармасының басшысы:

– Диагноздары анықталып, ауырған балаларды алып тастағанда,  2 мектепте 36-32 пайыз болды. Сондықтан осындай қаулы шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы