432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус: Қазақстан қандай шараларды қолға алды

  • 1290
  • UPD: 23:04, 27.01.2020

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияның жиынын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытайда осы күні 2700-ден астам адам аталған дертке шалдыққан. 80-нен астам азамат көз жұмды. Ал әлемнің өзге елдерінде 50 шақты азаматтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл індеттің біздің елге келмеуі үшін Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берген еді. Соған сай тиісті жұмыс жоспары жасалды. Жиын барысында Уханьдағы Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселесі қаралды. Аталған шаһарда бүгінде елімізден 98 студенті бар. Барлығымен байланыс орнатылған. Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде жедел желі жұмыс істейді. Тәулік бойы кезекшілік қойылған. Бірақ ресми Бейжің елі әзірге бірде бір мемлекетке өз азаматтарын қайтаруына рұқсат бермеген. Жиын барысында Бердібек Сапарбаев Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне ел тұрғындарына қажетті ақпараттарды дер кезінде жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Біз бәріне дайын болуымыз керек. Шекарада вирусқа қарсы тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. 20 мыңнан астам адам тексерілді. Енді өзге де алдын алу жұмыстарын жасауымыз қажет. Біріншіден, денсаулық сақтау министрлігі шекара бекеттерінде адамдарды тексеруді күшейтуі керек. Келесі қадам – Қытайдан келген азаматтарды жіті бақылауға алу. Алдын ала аурухана, емханаларымызды дайындағанымыз дұрыс. Бұл – алдымен шекара маңындағы аймақтар мен Қытай елінің азаматтары жұмыс істейтін өңірлерге қатысты міндет.

Хабар 24 телеарнасы