420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында халықаралық автожол жабылды

  • 721
  • UPD: 09:24, 28.01.2020
Жамбыл облысында халықаралық автожол жабылды

Жамбыл облысында ақтүтек боран салдарынан Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автомагистралі жабылды.

Әсіресе Күйік асуында Айша бибі ауылынан бастап Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылған. Құтқарушылар дәл қазіргі уақытқа дейін қар құрсауында қалған 47 адамды аман алып шықты. Оның бесеуі бала.

Қазір жол бойында 100-ден астам көлік қаңтарылып тұр. 34 адам Боранды теміржол стансасына, Бауыржан Момышұлы ауылына 9 адам жеткізіліп орналастырылды. Жол бойында бес жылыту пункті ұйымдастырылып, арнайы штаб жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар жедел жәрдем бригадалары мен төтенше жағдайлар мен полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілікте тұр.

Хабар 24 телеарнасы