429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

  • 781
  • UPD: 09:26, 28.01.2020
Түркістан облысында терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері салафиттік идеологияны насихаттап, жиһадтық ұстанымды қолдаған күдіктіні ұстады.

«1964 жылы туған Түркістан облысы Келес ауданының тумасы аудан аумағы мен әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған. Жергілікті имамдарды тыңдамай, қарсылық білдірген. Радикалды өзбек уағызшысы Абдуали қоридің идеологиясын қолдаған. Күдіктінің үйін тінту барысында 8 діни кітап табылды. Олардың барлығы Абдуали қоридің кітаптары.

Ұсталған азамат ҚК 256-бабы 2-тармағы бойынша, яғни терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру бойынша айыпталып отыр. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады» делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы