375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жемқорлыққа бейім салалар анықталды

  • 115
Түркістан облысында жемқорлыққа бейім салалар анықталды

Олардың ішінде ішкі істер органдары, әкімдік пен жер қатынастары, денсаулық және білім салалары бар, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл туралы бүгін Түркістан облысына арнайы келіп, өңір жұртшылығына ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған республикалық ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшелері мәлімдеді. Олар алдымен облыс активімен кездесіп, ақпараттық-ағарту штабын құрудың қоғам алдындағы маңыздылығын түсіндірді.Айта кетейік, өткен жылы облыста 113 жемқорлық дерегі тіркелген. Олар негізінен парақорлық, бопсалау, қызметін асыра пайдалану және алаяқтық әрекеттер. Осы қылмыстарға қатысы бар 36 адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Жалпы шығын көлемі 300 млн теңге.

Арман Бердалин, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі:

– Агенттік жаңадан жасақталғаннан кейін 3 жаңадан департамент құрылды. Парасаттылық департаменті, Алдын алу департменті. Аты айтып тұрғындай, алдын алу. Алды екен деп елдің бәрін темір торға қамай берсек, ертең мемлекеттік қызметке отырғызатын адам таппай қаламыз.Сондықтан біз «әр қазақ – менің жалғызым» деп Сабыр Адай айтқандай, әр адамға біз жанашырлықпен қарап, қазақтың «алдынан өту» деген дәстүрі бар. Алдымен алдынан өтейік, ескертейік. Ал егер оған да тоқтамайтын болса, онда өз обалы өзіне.

Хабар 24 телеарнасы