431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қатты желге байланысты 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды

  • 396
ШҚО-да қатты желге байланысты 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстанда Ұлан ауданының орталығы Қ.Қайсенов кенті мен тағы 3 ауылда қатты желге орай 1-4 сынып оқушылары сабаққа бармайды.

Курчатов қаласы бойынша да сондай шешім қабылданды. Сонымен қатар ТЖД мәліметінше, қарлы боранға байланысты облыстық маңыздағы Шар-Бақыршық автожолы жабық. Республикалық маңызға ие Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы бағытындағы жол бөлігі де көлік қозғалысы үшін жабық және де Өскемен-Риддер, Белоусовка-Риддер қатынастарында тіркемелі көліктердің жүруіне шектеу қойылды.

Хабар 24 телеарнасы