419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 84 адамға көмек көрсетілді

  • 319
  • UPD: 10:42, 28.01.2020
Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 84 адамға көмек көрсетілді

Қарлы боран Ақтөбе облысының да жолдарындағы жағдайды қиындатты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бүгін түнде Орынбор-Ақтөбе бағытындағы екі автобус «Жайсаң» шекара бекетінен өткен соң, Мәртөк ауылының маңында тоқтауға мәжбүр болды. Себебі, ақтүтек боранға байланысты облыс орталығына баратын жол жабылған болатын. Жолаушыларға ыстық тамақ беріліп, қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Кейін төтенше жағдайлар қызметі және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің көмегімен автобуста болған 84 адам Орал-Алматы бағытындағы пойызға отырғызылып, Ақтөбеге жөнелтілді. Жолаушыларға көмек көрсету Самара-Шымкент республикалық маңыздағы тас жолы бойында да жүргізілді. Түндегі боранға байланысты 84 жүк көлігі мен 4 автобус жүрістерін тоқтатқан. Көліктердің аялдаған жеріне құтқарушылар дереу жетіп, ыстық шәй мен тамақ берді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы