375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда етегіндегі Қосшы ауылы жарықсыз қалды

  • 94
  • UPD: 13:34, 28.01.2020
Елорда етегіндегі Қосшы ауылы жарықсыз қалды

Елорда іргесіндегі Қосшы ауылында төрт көшенің тұрғындары бірнеше күннен бері жарықсыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған осы маңайға жарық тарататын электр станциясының қар астында қалуы себеп болған. Аудандық әкімдік өкілдері, қазір аталған мәселені шешуге тырысып жатырмыз дейді. Елді мекендегі проблема бұл ғана емес. Кейінгі күндері мұнда боранның салдарынан қоғамдық көлік те қатынамайтын болған. Ал жол-жөнекей қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктерді тұрғындар «өзіміз аршып алып жатырмыз, көмекке ешқандай техника келіп жатқан жоқ», деп әлеуметтік желіде жазып жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ауылда арнайы техника жетіспей жатқан көрінеді. Себебі, қар тазалаумен қазір 4 техника ғана айналысып жатыр.

Дидар Оралбекұлы, Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Қазір ең бастысы, орталық көшелерді тазалап келе жатыр. Түстен кейін жаңағы сіз айтылған басты көшелердің барлығына арнайы техника жұмылдырылады. Қосшы ауылының өзінде бүгінде Есмағамбетов, Тайманова, Жансүгіров, Ақжайық, осы 4 көшеде жарық болмаған. Сонымен қатар, Тайтөбеде 9 үйде жарықсыз отырған.  Бұл сұрақтар бойынша қалпына келтіру жұмысы бүгін жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы