432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда волонтерлар оқушыларға қуаныш сыйлады

  • 615
Түркістанда волонтерлар оқушыларға қуаныш сыйлады

Түркістандық ерікті жастар Президент қолдаған «Біз біргеміз» акциясын жалғастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған волонтерлар тобы «Түркістан көмекші мектеп интернатының» ерекше оқытуды қажет ететін тәрбиеленушілеріне ерекше сый жасады. Мектепте 1-9-ыншы сынып аралығында 181 оқушы білім алады. Іс-шара барысында Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театрының «Тарлан» вокалды инструменталды ансамблі, студент жастар мен еріктілер мектебінің жастары көңілді кеш ұйымдастырды. Балғындар қуыршақтармен бірге би-билеп, қуанышқа кенелді.

Ғауһар Өксікбаева, 9-сынып оқушысы:

– Бізде ән болды, көрініс қойды. Ойындар ойнадық. Аяғында сыйлықтар берді. Сіздерге көп-көп рақмет!

Жұлдыз Балтабаева, облыстық жастар орталығы басшысының міндетін атқарушы:

– Биыл енді еріктілер жылы болғаннан кейін қарияларға, балаларға көңіл бөлу, көшедегі қарларды тазалау, тазалық акциясын өткізу болатын болса, біздің мақсатымыз – әр үйдегі бала жақсылыққа, бақытқа лайық болғанан кейін біз соларға көңіл бөліп, солардың көңілін көтеріп, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында осындай іс-шара ұйымдастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы