419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте волонтерларға қайтарымсыз қаржы беріледі

  • 543
  • UPD: 14:10, 28.01.2020
Шымкентте волонтерларға қайтарымсыз қаржы беріледі

Шымкентте волонтерларға «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында қайтарымсыз қаржы беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты мақсат, еріктілерді ынталандыру. Жоба аясында жылына 20 сағат волонтерлік қызметпен айналысатын студентке 20 мың теңге, 50 сағат волонтерлік қызметпен айналысқан студентке 50 мың теңге беріледі. Сондай-ақ, ақшалай сыйақы және белсенді жастарға академиялық кредит қарастырылған. «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасына қатысушылар әуелі волонтерлардің бірыңғай интернет платформасына тіркелулері қажет. Қазіргі таңда шаһарда 1 мың 635 ерікті бар. Олар түрлі салада волонтерлық қызмет атқаруда.

Жани Қамбар, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары:

– Жоғары оқу орнының студенттерін қоғамдық жұмысқа елдің барлық осы жағдайларына белсене атсалысу, азаматтарды қамту мақсатында осы жоба құрылды. Ерікті деген ол ерікті түрде ешқандай ақы талап етпейтін жұмыс болғандықтан осы жоба аясында студенттеріміз қаржылай және сабағында жеңілдіктерге ие бола алады.

Хабар 24 телеарнасы