379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда газ құбырын жүргізу үшін шамамен 2 мың түп ағашты отау керек

  • 100
  • UPD: 14:14, 28.01.2020
Ақтауда газ құбырын жүргізу үшін шамамен 2 мың түп ағашты отау керек

Биыл Ақтаудың жиырмаға жуық шағын ауданына газ құбыры төселгенше екі мыңнан астам тал кесілуі керек екен, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жер қазу кезінде үйлердің жанындағы тротуарлар да жиналып алынады. Олар көгілдір отын желісі мекенжайларға жеткен соң қайта қойылады. Бір қызығы, кесілген ағаштың орнына көшет отырғызу жасыл желек күтіміне жауапты мердігерге тапсырылады екен. Яғни, жойылған талдың орнын толтырумен басқа компания айналысады. Бұл туралы қалалық құрылыс бөліміндегілер мәлімдеді. Жаңа пәтерлерді газдандыруға тапсырыс берген де осы мемлекеттік мекеме. Жауапты мамандардың айтуынша, былтыр басталған монтаж жұмыстары биыл аяқталуы тиіс.

Асхат Нұрмұқан, «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ сектор меңгерушісі:

– Газ құбырын төсеу жұмыстары 16-шы шағын ауданнан бастап 35-ші ықшам ауданға дейінгі аралықта жүреді. Мұндағы тұрғын үйлер тегіс жаңадан салынған. Осы себепті пәтерлерге газ беруді мүмкіндігінше тез аяқтауды жоспарладық. Өкінішке қарай, жер қазу жұмыстары жүретін аумақтағы ағаштар кесіледі. Құрылыс-монтаждау аяқталған бойда басқа мердігер компания көшет егу мен тротуарларды тез арада қалпына келтіруге жұмыстанатын болады.

Хабар 24 телеарнасы