377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолда қалып қойған 150 көлік елордаға жетті

  • 84
  • UPD: 15:11, 28.01.2020
Жолда қалып қойған 150 көлік елордаға жетті

Ақтүтек боранның салдарынан бірнеше күн бойы үйлеріне жете алмай, қар құрсауында қалған 150 көлік елордаға аман-есен жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақкөл қаласынан таңғы тоғызда шыққан көш бас қалаға шамамен 3 сағат жүріп келді. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция мен құтқарушылар жолға бірге шықты. Айта кетейік, кей жүргізушілер мен жолаушылар тас жолда бірнеше тәулік түнеген. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Ақкөлде тағы жүздеген көлік өз кезегін күтіп отыр. Олар ауа райы жақсарып, төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасы босаған соң жолға шығады.

Хабар 24 телеарнасы