420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында адасқан жүк көлігінің жүргізушілері табылды

  • 392
  • UPD: 15:12, 28.01.2020
Түркістан облысында адасқан жүк көлігінің жүргізушілері табылды

Түркістан облысы Созақ ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 3 азамат табылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Үшеуі де Шымкент қаласының тұрғындары. Олар осыдан 2-3 күн бұрын Қарағанды облысының Қаражал кентінен Түркістан облысына қарай 3 жүк көлігімен жолға шыққан. Бірақ Созақ ауданындағы Бетпақ дала учаскесіне жеткен кезде қар құрсауында қалып қойған. Туыстарымен де байланыс осы жерден үзілді. Адасқандарды іздеген туғандары Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама қалдырған. Созақ ауданындағы бірлескен іздестіру-құтқару жұмыстарына қалалық төтенше жағдайлар департаменті жанындағы жедел-құтқару жасағының жол таңдамайтын автокөлігі мен 3 құтқарушы жұмылдырылды. Нәтижесінде адасқандар Қыземшек ауылынан 187 шақырым жерден табылды.

Нұрболат Дербісов, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

– Түркістан облысы Созақ ауданындағы Бетпақдала деген жолда қалып кеткен. Оларды толығымен таптық. Денсаулықтары дұрыс. Медициналық қызметке жүгінген жоқ. Аман-есен үйлеріне оралды.

Хабар 24 телеарнасы