375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО: ауласын қардан тазаламағандарға айыппұл салынады

  • 93
  • UPD: 17:36, 28.01.2020
СҚО: ауласын қардан тазаламағандарға айыппұл салынады

Солтүстік Қазақстан облысында қар тазамалаған тұрғындар әкімшілік жауапқа тартылып жатыр. Бүгінгі таңда полицейлер 200 адамға ескерту жасады.

Келесі жолы айыппұл салынады. Синоптиктердің айтуынша, Петропавлда қаңтар айында қар бір жарым есе көп жауған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты тазалау жұмыстары күні-түні жүргізіледі. Оған 100-ден астам техника жұмылдырылған. Құтқару қызметтері де тәулік бойы жұмыс істейді. Бүгін боран басылып, жолдар ашық. Тек Чистополье ауылынан Ақмола облысына дейінгі аралық жабық тұр. 

Баян Байғаскина, облыстық ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

- Полицияның учаскелік инспекторларымен тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Әрқашан аулаларындағы және жолдың өту үстіне қарды тастамау туралы. Дүкен иелері және кәсіпкерлерге де түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы