375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда үйлерді күрделі жөндеуге 30 млрд теңге бөлінді

  • 131
  • UPD: 17:24, 28.01.2020
Нұр-Сұлтанда үйлерді күрделі жөндеуге 30 млрд теңге бөлінді

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауапты министрлік өкілдері мәлімдеді.

Министрліктің мәлімдеуінше, шұғыл жөндеуді қажет ететін үйлерге жергілікті атқарушы билік органдары жобалық сметалық құжаттарды дайындауы тиіс. Бұдан кейін тұрғындарға бюджет қаржысынан күрделі жөндеу жүргізілетіні хабарланады. Егер олар ақылдасып, жергілікті атқарушы билік органдарымен келіссе жоспар іске асырылады. Ал қазынадан бөлінген қаржыны меншік иелері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қайтарады.

Еске салсақ, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық туралы заңға бірнеше өзгерістер енгізілген. Оған сәйкес пәтер иелері кооперативінің орнына мүлік меншік иелері бірлестігі құрылады. Сондай-ақ үй күтіміне керекті қаржы ағымдағы және жинақ шоттарына жиналады. 

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі:

- Бұл өзгерістердің негізі мақсаты мынадай. Әкімдік бюджеттен бөлінген қаржыға сіздің үйіңізді жөндеуден өткізеді. Ай сайын жасайтын коммуналдық төлемдерден бөлек үйдің жинақ шотына ақша жиналады. Сегіз жылдан кейін жинақ шотындағы қаржы жөндеу жұмыстары үшін әкімдікке қайтарылады. Егер шоттағы қаржы жетпесе, пәтер иелері тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 2 процентпен несие алып, қарызын қайтара алады.

Хабар 24 телеарнасы