377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында қасқыр ату лимиті бекітілді

  • 114
  • UPD: 21:04, 28.01.2020
Қостанай облысында қасқыр ату лимиті бекітілді

Қостанай облысының аңшыларына 55 қасқыр атуға рұқсат берілді. Мұндай лимит тек Жанкелдин ауданы үшін бекітіліп отыр.

Мұнда түз тағысының үй жануарларына шабуыл жасау деректері тіркелген. Мамандардың айтуынша, аймақта 600-ден аса қасқыр бар. Өткен жылы оларды саны 500-ге де жетпейтін. Қасқырлар көбінесе оңтүстік аудандарда шоғырланған. Соңғы жылдары жыртқыштардың елді мекендер аумағына кіріп кету деректері байқалмады. 

Сұңқаржан Байдәулетов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы: 

- Биологиялық негіздеме түскеннен бастап біз облыс бойынша аудан әкімдеріне жіберген болатынбыз хат. Егер де шабуыл жасау фактілері немесе елді мекендерге кіру фактілері болған жағдайда бізге ақпарат беруін жолдаған едік. Сол Жанкелдин ауданы әкімдігінен бізге осындай ақпарат түскен еді.

Хабар 24 телеарнасы