loader

Алматыда құлаған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

Алматыда құлаған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

Алматы маңында ұшақ апатынан жарақат алған екінші ұшқыш қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Әуе кемесінің командирі 57 жастағы Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза тапты. Бұған дейін екінші ұшқыштың омыртқасына күрделі операция жасалғаны туралы жазған болатынбыз. Қазіргі мәлімет бойынша пилот үйінде көз жұмған. Марқұмды ауруханадан 21 қаңтар күні шығарды. Ұшқыш өлімінің себеп-салдары белгісіз.

Сондай-ақ...