376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

  • 155
  • UPD: 22:25, 28.01.2020
Шымкентте коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

Қытайдың Ухань қаласынан шыққан коронавирус дертінің алдын алу үшін Шымкенттегі әуежай толығымен бақылауға алынды.

Шаһар  аумағына коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ  санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жауапты өзге де ұйымдармен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Іс-шара кезінде анықтау, тасымалдау, тексеру және карантинді ұйымдастыру бойынша іс-қимылдар пысықталды. «Жаңа вирусты жұқтырғандарды» /шартты түрде/ әуелі бақылау департаментінің мамандары қарсы алды. Сосын оларды арнайы бокстарға тасымалдап, стационарлық және қол тепловизорларымен тексеру жүргізді. Аталған оқу-жаттығулар коронавирусты дер кезінде анықтауға және оның таралуының алдын алуға бағытталған. Айта кетейік,  Шымкентте орналасқан әуе компаниясы да Қытай Халық Республикасының Хайнань аралына барлық рейстерді тоқтатқан болатын.

Ғалымжан Әбішев, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

- Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиялық ахуал бір қалыпты. Жалпы барлық шетелден келіп жатқан азаматтар медициналық ұйымдарменен бақылауға алынған. Сонымен қатар Шымкент қаласында тіркелген 243 ҚХР азаматы жұмыс істейтін 12 компаниядағы олардың барлығы қазір медициналық ұйымдарда бақылауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы