378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында коронавирус таралуының алдын алу жұмыстары күшейтілді

  • 271
  • UPD: 22:35, 28.01.2020
Алматы облысында коронавирус таралуының алдын алу жұмыстары күшейтілді

Алматы облысындағы инфекциялық ауруханаларда коронавирусты жұқтырғандар үшін 500, ал бөлімшелерде 490 орын дайындалып отыр. Сонымен қатар мемлекет аумағынан шыққысы келгендерді тексеретін, науқаспен қарым-қатынас жасағандар мен ауруды таратушы ретінде күдікке іліккендерді оқшаулайтын орталықтар қарастырылған.

Мұнан бөлек індетке шалдыққандарды тасымалдайтын камера, дәрігерлерге арналған 11 мыңнан аса костюм әзірленген. Арнайы жұмыс тобы да құрылды. Сала мамандары біліктілігін арттырып, бірлескен оқу жаттығу жиынында дайындықтарын пысықтады. Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханада да арнайы бөлім ашылып отыр. 

Анжелика Ким, инфекционист-гепатолог: 

- Қазір бізде кіріп шығатын жеке есігі бар 20 төсектік арнайы бөлім жасақталып отыр. Әрбір палата бокс сияқты.  Яғни, онда жатқызылған науқас басқа емделушілермен қарым қатынас жасай алмайды. 

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы: 

- Алматы облысында короновирус инфекциясының алдын алу жұмыстары күшейтілді. Медициналық ұйымдарда қажетті дәрі-дәрмектер дезинфекциялық құралдар, жабық костюмдер, маскалар жеткілікті. Одан басқа министрлікке маскалар, костюмге, егер ауру болған жағдайда алып жүретін 5 камераға тапсырыс берілді.

Хабар 24 телеарнасы