418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан әлемдегі қызылша ауруы көп тараған 10 мемлекеттің қатарында

  • 490
Қазақстан әлемдегі қызылша ауруы көп тараған 10 мемлекеттің қатарында

Өткен жылы елімізде 17 мың адам өздеріне және балаларына вакцина салдырудан бас тартқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр қызылша ауруына шалдыққан 29 бала көз жұмған. Бұл мәліметті Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген жұқпалы аурулар сарапшылары жариялады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес Қазақстан әлемдегі қызылша ауруы көп тараған 10 мемлекеттің қатарында екен. Соған қарамастан, бұл кеселге қарсы екпе салдырудан бас тартатындардың қатары артып келеді. Әсіресе, балаларына вакцина салдырғысы келмейтін ата-аналар көп дейді дәрігерлер.

Айнагүл Қуатбаева, эпидемиолог:

- Ауырған адамның жанында 1 метр қашықтықта бар жоғы 10-15 минут қарым-қатынаста болған, вакцина салдырмаған адам немесе ол жаңа ғана егілген болса онда ауруды жұқтырып алу қаупі басым. Ал тиісті дәріні қабылдағандар арасында науқастар аз. Ауыра қалған жағдайда олар тез жазылады.

Хабар 24 телеарнасы