425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-дағы сүт зауытының жүк көліктері 3 күннен бері жолда тұр

  • 430
  • UPD: 09:44, 29.01.2020
СҚО-дағы сүт зауытының жүк көліктері 3 күннен бері жолда тұр

Арқаның ақтүтек бораны тауар тасымалына да тұсау салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа райының қолайсыздығынан Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылындағы сүт зауытының жүк көліктері 3 күннен бері Ақкөл қаласының маңында тұр. 30 тонна өнім Теміртауға тиелген. Кәсіпорын директоры Сергей Чепурконың айтуынша, полицейлер жүргізушілерге жанар-жағармай мен азық-түлік жеткізіп берген. Енді олар жолдың ашылғанын күтіп отыр.

Сергей Чепурко, сүт зауытының директоры:

– Дүрбелең жоқ. Бұл табиғаттың ісі. Барлық қызмет жұмыс істеп жатыр. Ауа райы да райынан қайтты. Жүргізушілермен сөйлескенімде жолды ашып, жеңіл көліктер жіберілгенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы