448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда Қытайда болып келген 173 адам дәрігерлердің жіті бақылауында

  • 339
  • UPD: 09:46, 29.01.2020
Атырауда Қытайда болып келген 173 адам дәрігерлердің жіті бақылауында

Мемлекет басшысының тапсырмасымен коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында Атырауда жедел штаб құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі барлық медициналық ұйымдар дайындықты күшейтіп, індетке қарсы препараттар қорымен жабдықталды. Халықаралық рейспен келген Қытай халық республикасының азаматтары әуежайдағы тепловизор сүзгісінен өтеді. Ал Нұр-Сұлтан және Алматы арқылы келген жолаушылар шекаралық бекетте тексерілген. Жуырда Қытайда болып келген 173 азамат аймақ дәрігерлерінің жіті бақылауында. Коронавирустың инкубациялық мерзімі 14 күнді құрайды. Мұнайлы өңірде аспан асты елінің 26 компаниясы жұмыс істейді. Қазіргі таңда жұқпалы дерт тіркелген жоқ.

Амантай Жұмағалиев, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Қытай халық республикасында таралып жатқан этологиясы белгісіз пневмания ауруына қарсы біздің тарапымыздан тиісті шаралар жасалып жатыр. Күні бүгін осы бұйрық шығарылып, облыстық денсаулық сақтау мекемелері, медициналық мекемелер дайындық жұмыстарын жүргіздік.

Хабар 24 телеарнасы