424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында ауа райына байланысты жағдай әлі де қиын

  • 504
  • UPD: 12:32, 29.01.2020

Ақмола облысында осымен екінші апта Щучинск-Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті және Алматы-Екатеринбург бағытындағы жолдар боранның салдарынан жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жолаушылар ескертуді елемей, сапарға шығудан бас тартар емес. Нәтижесінде Щучинск қаласынан шыға берісте және Ерейментау мен Астрахан аудандарының аумағында өткен аптадан бері көлік кептелісі пайда болған.

Аймақта жағдай өкінішке орай әлі де қиын. Боранның салдарынан біраз жолдарды қар басып қалған. Соңғы дерек бойынша қазір Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Щучинск, Көкшетау-Омбы және Көкшетау-Петропавл тас жолдары ғана ашық. Ал қалған күре жолдардың барлығы жабық. Щучинск қаласынан елордаға апаратын жол 26 қаңтардан бері жабық тұр. Мұнда күніне жүздеген көлік жиналады. Олардың көбі – алыс жолдан келе жатқан жүк көліктері. Арасында шетелдік жеңіл автокөліктер де бар екен.

Облыста 241 жылыту бекеті бар. Олар барлық ауданда орналасқан.

Жалпы боран басталған 10 күннің ішінде 1 мыңға жуық адам құтқарылған. Олардың арасында балалар да бар. Барлығы дін аман. Ал ауа райына келер болсақ, бүгін де желдің екпіні төмендемейді синоптиктер. Жығылғанға жұдырық демекші, енді боранға аяз қосылмақ. Қазірдің өзінде ауа температурасы -20 градустан асып тұр. Ал аймақтың әр жерінде қар астында қалған немесе жолда қалған көліктер қаншама. Ауылдарға баратын жолдар да жабық.

Хабар 24 телеарнасы