376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарында 100-ден аса көлік жолда тұр

  • 121
  • UPD: 12:24, 29.01.2020
Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарында 100-ден аса көлік жолда тұр

Еліміз бойынша әлі күнге дейін 70-тен аса жол учаскесінде қозғалыс шектелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар ең алдымен жолаушыларды аман алып қалып, қауіпсіз жерге жеткізуге тырысып жатыр. Бүгінге дейін дәл осылай 7 мыңға жуық адам құтқарылған. Ал қар құрсауынан шығарылған көліктер саны – 2800. Соның өзінде Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарында 100-ден аса көлік әлі жолда қаңтарылып тұр. Бұл жағдай арнайы техникалардың жұмысына кедергі жасап тұр дейді республикалық жедел штаб өкілдері. Соған қатармастан, қазір жолдарды тазарту жұмысы күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр. Әсіресе қиын учаскелерді қолмен ашуға тура келеді. Осы бағытқа қазір 1300-ден аса адам жұмылдырған.

Нұржан Жақатаев, республикалық жедел штаб басшысының орынбасары:

– Жол тораптарын тазартуға кедергі болатын – көліктердің қалып кетуі. Қадың биіктігіне байланысты кейбір көліктер көрінбей де қалуы мүмкін. Сол себептен арнайы техника жұмыс жасай алмайды. Көліктерге зақым келуі мүмкін.

Қазір орталық өңірлерде күшейіп келе жатқан аяз да жолдағы қозғалысты қиындатуы мүмкін дейді мамандар. Өтйкені сынап бағанасы -30 градустан төмендесе, жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Ал -35 градусқа жетсе, жеңіл көліктердің де қатынауына тыйым салынады. Республикалық жедел штаб өкілдері осы жағдайды тәулік болйы бақылауда ұстап отыр.

Хабар 24 телеарнасы