376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында 114 көлік қар құрсауынан шығарылды

  • 109
  • UPD: 15:11, 29.01.2020
Павлодар облысында 114 көлік қар құрсауынан шығарылды

Шідерті-Ерейментау-Нұр-Сұлтан бағытында жолда қалған 114 автокөлік елордаға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында 98 жүк көлігі бар. Жол бойында арнайы кезекшілік бекеттері ұйымдастырылған. Мектептер де көмекке дайын тұрды. Күні кеше 140 адам дәмханаға орналастырылды. «Қазавтожол» қызметкерлері және полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

– Ауа райының бұзылуына байланысты Павлодар бағытына қарай көлік қозғалысына шектеу қойылған. 100-ден аса автомобильді қар құрсауынан шығардық. Адамдарға жылыну орындары жасақталды. Дизельді отын мәселесін де шештік. Қажетті азық-түлік те бар. Түнде жүргізушілерге Нұр-Сұлтанға қарай кері қайту мүмкіндігі туған еді. Бірақ олар келіспеді. Енді Павлодарға қарай жолдар ертең ашылады.

Әлімжан Бейсебай, «Қазақавтожол» ЖШС қызметкері:

– Бүгінгі күнде әлі де жол жабық. Тек қана сырт жақтағы трасса емес, қаланың ішінде де жол тазарту өте қиын. Тек қана жолдың бір жағын ғана тазалауға мүмкіндік болды. Қар қалың, техникалар барынша жұмыс істеп жатыр. Биылғы жылы қар көп жауған. Мөлшерден тым асыра жауғандықтан, жолды ашу қиындау болды.

Хабар 24 телеарнасы