423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында қар құрсауында қалған ауылдан жүкті әйелдер эвакуацияланды

  • 476
  • UPD: 15:22, 29.01.2020
Түркістан облысында қар құрсауында қалған ауылдан жүкті әйелдер эвакуацияланды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Ақтас ауылынан 2 жүкті әйел мен бір науқас азамат қар құрсауынан эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елді мекенде қар көп мөлшерде түскендіктен, халықтың емін-еркін жүріп тұруына кедергісін келтірген. Ауылда қазір 1 мың 57 адам тұрады. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел-құтқару жасағының қызметкерлері үш азаматты аудандық орталық ауруханаға аман-есен жеткізген. Құрамында 3 адам мен 1 техникасы бар құтқарушылар келіп түскен дабылдарға дер кезінде ден қойып облыстағы маңызы бар жолдарда авариялық-құтқару жұмыстарын бақылауға алған. Ал ауруханаға жеткізілген жүкті аналардың жағдайы жақсы дейді ақ халаттылар.

Хабар 24 телеарнасы