435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаты Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәселелерді көтерді

  • 225
  • UPD: 00:22, 30.01.2020

Елордада Мәжіліс депутаттарының жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында екі заң жобасы қаралды. Алдымен «Дүниежүзілік пошта одағының жарғысына тоғызыншы қосымша хаттама ратификацияланды. Кейін «Өзбекстан мен Қазақстан Үкіметтері арасында заңсыз көші-қонға қарсы ынтымақтастық туралы келісім» талқыланды. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, бұл құжат заңсыз миграциямен ортақтасып күресуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Мәжіліс отырысында премьер-министрге бірқатар депутаттық сауал жолданды. Мысалы, Азат Перуашев Прокуратура өткен жылдың аяғында ұшақ апатынан зардап шеккендердің мүддесін қорғап, «Бек Эйр» әуе компаниясына өтемақы төлетуі тиіс деп мәлімдеді. 13 адамның өмірін қиған әуе апатынан кейін бір ай өткенін айтқан ол тергеудің қалай өтіп жатқаны белгісіз екендігіне тоқталды. Сондықтан апатқа кінәлілер мен оған қатысы бар адамдарға қандай шаралар қолданылатыны туралы қоғамды хабардар етуді талап етті.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Прокуратура органдары апатқа ұшыраған рейс жолаушыларының мүддесін қорғап, «Бек Эйр» компаниясынан өтемақы өндіріп алу туралы талап-арыз қозғасын. Ал уәкілетті органдарға компанияның күші жойылған рейстеріне билеттердің ақшасын қайтаруы тапсырылсын.

Хабар 24 телеарнасы