425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық диқандар мал азығының қымбаттығына шағымдануда

  • 302
Қостанайлық диқандар мал азығының қымбаттығына шағымдануда

Былтыр қостанайлық диқандар үшін шөп өсімі төмен болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған мал азығының қоры 2018 жылмен салыстырғанда шамамен 400 мың тоннаға кем. Қазір облыста шөптің тоннасы 20-30 мың теңгеге бағаланған. Ірі шаруашылықтар өткен жылғы қорларын пайдалануға мәжбүр. Қыстан қысылмай шығу үшін 490 шаруашылық мемлекеттен қайтарымсыз субсидия алды. Қаражат аналық мал басын ұстау үшін азық шығындарын өтеуге берілді.

Орал Нұрғазин, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

– Үкімет қорынан 378 миллион теңге біздің облысқа 8 аудан бойынша беріліп жатыр. Олар жаңа жылға дейін қаражатты барлық 8 ауданға төледі. Олар сол алған қаражатқа шөп-жемін сатып алды. Өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңдай өсім бар.

Хабар 24 телеарнасы