423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолда кептеліп қалған 285 көлік Щучинсктен елордаға қарай бет алды

  • 552
Жолда кептеліп қалған 285 көлік Щучинсктен елордаға қарай бет алды

Ақмола облысының Щучинск қаласынан осыдан бірер сағат бұрын елордаға қарай 300-ге жуық көлік бет алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында жолда 2-3 тәулік бойы түнеуге мәжбүр болған жүк көліктерінің жүргізушілері де бар. Себебі аталған бағыттағы трасса 26 қаңтардан бері жабық тұр. Көліктер легін алдымен жеңіл автокөліктер бастады. Әрбір 30 көлікті бір патрульдік машина бастап барады. Ал көштің ең алдында қар тазалайтын арнайы техника жүріп отырады. Жол жүру қауіпсіздігін жүргізушілерге аймақтың бас полицейінің өзі ескертіп, әрқайсысын жеке-жеке жолға аттандырды.

Айта кетейік, мұндай шара халықтың наразылығын тудырмау әрі жолда кептелістің болмауы үшін жасалып отыр дейді полицейлер. Ал жолаушылар болса, оқиға орнына барған біздің арнаның түсірілім тобына алғыстарын жаудырып жатыр.

Ерлан Құдабаев, жүргізуші:

– Қостанайдан келе жатырмыз. Үшінші күн тұрмыз. Сіздің арқаңызда бастықтар келді. Екі күн бұрын ешкім болмаған. Экипаж ғана тұрды.

Хабар 24 телеарнасы