379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық құтқарушылар бораннан діттеген жеріне жете алмаған 7 адамды құтқарды

  • 132
Алматылық құтқарушылар бораннан діттеген жеріне жете алмаған 7 адамды құтқарды

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өткен түнде Талдықорған-Қапал бағытында жолға шыққан 7 адамды құтқарды.

Ауа райының қолайсыздығын ескермеген жолаушылар діттеген жеріне жете алмапты. Сөйтіп құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Сала мамандары арнайы техниканың көмегімен 10 шақырым жерді тазалап, қар құрсауында қалған көліктерді шығарды. Ұйытқыған ақ түтек бораннан таяқ тастам жердің өзі көрінбей тұр.

Айта кетейік, қазіргі таңда Үшарал-Достық, Алматы-Өскемен автомагистральдарымен қатар, облыстық маңызы бар Талдықорған-Қапал аралығындағы жол жабылған. Қауіпсіздік шаралары да күшейтілген.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

– Үшарал-Достық бағытында қазір жел соғып тұр. Тазалау мүмкін емес. Ал Алматы-Өскемен жолы жабық. Талдықорған-Қапал бағыты қазір тазаланып жатыр. Осыған байланысты жолаушыларға алыс жолға шықпауларын сұраймыз. Жолға шығарда ауа райына қарап, мән жайды біліп шығу керек.

Хабар 24 телеарнасы