376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында коронавирусты жұқтыру дерегі нақтыланған жоқ

  • 239
  • UPD: 18:44, 29.01.2020
Жамбыл облысында коронавирусты жұқтыру дерегі нақтыланған жоқ

Жамбыл облысында елді дүрліктірген коронавирус дерті анықталған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда қытайлық екі азамат дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір олар Шу ауданында жіті тексеріліп жатыр. Шетелдіктер таңғы сағат 5:45-те вирусты инфекция жұқтырды деген күдікпен Сарыағаш-Нұр-Сұлтан бағытындағы пойызда кетіп бара жатқан жерінен түсірілген. Жедел түрде Шу аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, қазір жағдайлары қалыпты. Дене қызуының көтерілуі байқалмаған. Сонымен қатар, осы азаматтармен бір вагон ішінде болған жолаушылар да бақылауға алынады. Медицина қызметкерлері оларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша 14 күн бойы қадағалайды.

Хабар 24 телеарнасы