424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында көше тазалығы көңіл көншітпей тұр

  • 811
  • UPD: 20:14, 29.01.2020
Қарағанды облысында көше тазалығы көңіл көншітпей тұр

Бірнеше күн толассыз жауған қалың қардан Қарағанды көшелерінен аяқ алып жүру мүмкін болмай қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, қала шетіндегі шағын аудандар ақ ұлпаның астында қалып қойды. Қоғамдық көлік қатынасы қиындап, жұрт жұмыстан үйіне жете алмай қиналуда. «Бұл – тікелей қала басшылығы мен коммуналдық қызметтің жауапсыздығы», – деді бүгінгі өткен жиында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. Оның үстіне қатты желден 13 елді мекен жарықсыз қалған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тазалыққа жауапты мамандар техниканың аздығын айтып, ақталды. Осыған орай, қосымша қаражат бөлінетін болды. Барлық күш қала көшелерін қардан аршуға жұмылдырылмақ.

Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі:

– Көшелерді қар басып қалғандықтан қоғамдық көлік қатынасын қиындатты. Тазалық жұмыстары лайықты жүрмеген. Бұл қала басшылығының жауапсыздығы деп білемін.

Хабар 24 телеарнасы