424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада коронавирус күдігімен түсетін науқастарды тексеру бөлімшесі дайын тұр

  • 550
  • UPD: 10:41, 30.01.2020
Елордада коронавирус күдігімен түсетін науқастарды тексеру бөлімшесі дайын тұр

Елордалық туберкулезге қарсы диспансердің базасында коронавирусты жұқтырды деп күдіктенген науқастарды тексеру үшін 150 орынға арналған инфекциялық бөлімше дайын.

Мекеме қаладан тыс жерде орналасқан. Біздің тілшілерге оқшауланған ғимаратқа кіруге рұқсат етілді, онда алты адам тексеріліп жатыр. Науқастарды госпитализациялауға 10 жедел жәрдем бөлінді. Орталық басшылығы оларды барлық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеміз деп отыр.

Анна Цепке, қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры:

- Бұл бөлімнің ерекшелігі - оқшауланған желдету бар. Және кіріп-шығатын есіктерден басқа науқастар жүрмейді. Науқастарды жеке-жеке қабылдайтындай жағдай жасалған. Барлық бөлмелер оқшауланған.

Хабар 24 телеарнасы