423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда коммуналдық мекеме сәбилер үйін қардан тазалады

  • 405
  • UPD: 11:35, 30.01.2020
Қостанайда коммуналдық мекеме сәбилер үйін қардан тазалады

Қостанайлық коммуналдық мекемелер де жұрт болып жұмылып жатқан игі іске атсалысты.

Олар сәбилер үйінің шатырын және ауласын қардан тазартты. Аязға қарамастан алпыс қызметкер қолдарына күрек алды. Тіпті үш ауыр техника тартылып, жалпы көлемі 200 текше метрдей ақ ұлпа аршылды.

Сәбилер үйі өкілдерінің айтуынша, жалғыз аула сыпырушысын ұстап отырған бізге бұл азматардың көмегі анық тиді. Жалпы облыс бойынша қар өткен маусымға қарағанда үш есе көп  жауды. Қаңтар айының өзінде Қостанай қаласынан жарты миллион тоннаға жуық ақ ұлпа полигонға шығарылған.

Меңдібай Омаров, коммуналдық кәсіпорын қызметкері:

- Кабинетте отыра бермей осында шығып, көмек берейік деген ойымыз болды. Шықтық. Анау жерде шай беріп жатыр шаршаған адамдарға. Қар өте көп. Төбесінде көп екен. Соның бәрін түсіріп жатырмыз. 30 шақты адам жүр үстінде. Жартысын ғана түсірдік. Тағы 1-2 сағатта түсіреміз де, жиналып тазалап әкетеміз бәрін.

Хабар 24 телеарнасы