377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан Алматы облысы арқылы 180 адам келген

  • 130
  • UPD: 12:05, 30.01.2020
Қытайдан Алматы облысы арқылы 180 адам келген

Үш күн ішінде Қытайдан Қазақстанға «Нұр Жолы» кеден бекеті арқылы 180 адам келген. Ал елімізден көрші мемлекетке 150 турист аттаныпты.

Олардың көбі қоғамдық көлікпен қатынап жатыр. Сала мамандары шекарадан өткендердің барлығын жіті тексеруге алған. Мысалы кеше дәрігерлер дене қызуы көтерілгенін екі адамды Панфилов аудандық ауруханаға жеткізді. Науқастарды бірден инфекциялық бөлімдегі жеке бөлмеге жатқызып оқшаулаған. Зертханалық сараптамадан кейін күдіктілердің короновирусты жұқтырмағаны анықталды. Қалған 19 жолаушы мемлекет аумағынан шығатындарға арналған обсервациялық госпитальға орналастырылды. Олардың денсаулығы қалыпты жағдайда,- дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі таңда базаршы қауым жиі баратын «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жабық тұр. Жалпы, өңірде Қытаймен шектесетін 6 кеден бекеті бар. Өткізу пункттердің барлығы қажет құралдармен жабдықталған. 

Ризабек Қалиаждаров, «Нұр жолы» өткізу бекетінің басшысы:

-  Обаға қарсы үш костюм комплектісі бар. Ол жаңағы көп рет пайдалануға жарайды. Ал бір реттік 4 костюм бар. Мен ойлаймын қазіргі таңда ол жеткілікті деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы