375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада коронавирустың алдын алу шаралары пысықталды

  • 229
  • UPD: 13:39, 30.01.2020
Қызылордада коронавирустың алдын алу шаралары пысықталды

Қызылорда облысында Қытай азаматтарының және сол елден келген отандастарымыздың тізімі жасалды.

Олардың дені вахталық жұмыс істейтіндер, туристер мен студенттер екен. Мамандар осы елден келген азаматтарға 2 апта көлемінде медициналық бақылау жасалатынын және күніне 2 мәрте дене қызуы өлшенетінін мәлімдеді. Короновирустың қандай да бір белгілері анықталған жағдайда бұл адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасындағы арнайы бокста оқшауланады. Алайда этиологиясы белгісіз вирустарға қарсы арнайы тест-жүйе әлі жоқ. Сондықтан арнайы экспресс-почтамен барлық талдаулар Алматыдағы Орталық референттік зертханаға және Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялардың Ұлттық ғылыми орталығына жіберіледі. Сондай-ақ науқаспен байланыста болған адамдар қатаң бақылауға алынады.

Айта кетейік, Қызылордада инфекцияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және алдын алу мақсатында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен штаб құрылды. 

Әлия Әбдіқайымова, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Вирустық этиологиядағы инфекция болғандықтан бізде антивирустық препараттардың қоры жеткілікті. Соны алдын алу мақсатында бізде 190 науқас анықталған жағдайда 190 орын изоляторлар дайындап 190 орынға арналған дәрі-дәрмектер қорын, қорғаныс құралдар қорын сақтап отырмыз бүгінгі күні.

Хабар 24 телеарнасы