422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қисайған үйді тексеру барысында өрескел қателіктер жіберілгені анықталды

  • 670
  • UPD: 14:04, 30.01.2020
Алматыда қисайған үйді тексеру барысында өрескел қателіктер жіберілгені анықталды

Алматыдағы Зерделі шағын ауданында қисайған үйге тексеру жүргізген Қазақ құрылыс сәулет және жобалау ғылыми зерттеу институтының мамандары жобалау кезінде бірнеше өрескел қателіктер жіберілгенін анықтады.

Бұған дейін үйдің іргетасында құрылыс қоқыстары табылғанын айтқан едік. Енді үйдің іргетасы мықты болу үшін топырақты нығыздайтын бөлігі жарты метрге кем екені анықталды және арық жүйелері мүлде ескерілмеген. Әкімдік бұл ғимараттың іргетасы нығайтылып, бекітіледі дейді. Қазір нысанның айналасы қоршалып, техникалар әкеліне бастады. 

Ералы Шоқпаров, «Қазақ құрылыс-сәулет  және  жобалау  ҒЗИ»  АҚ  атқарушы директоры:

- Үйдің қисаюына себеп болған үйдің астындағы топыраққа судың ағуы. Ол табиғи сулар, жауын, кәріз сулары соның барлығы себеп болып үйдің астындағы топырақты ылғалдандырып, оның көтеру күшін азайтты. Сондықтан үй деформация болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы