428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік жастар «Жанға жылу» акциясын өткізді

  • 522
  • UPD: 14:28, 30.01.2020
Шымкенттік жастар «Жанға жылу» акциясын өткізді

Шымкенттік жастар елімізде басталған «Біз біргеміз» акциясын қолдады. Олар осы мақсатта «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын қолға алып, қаладағы 50 отбасыға тегін азық-түлік таратты. Тұрмысы төмен көп балалы жанұялардың  балаларына демеуші кәсіпкерлер арқылы киім-кешекпен де қамтамасыз етті. Шаһар тұрғындарын қайырымдылық пен жомарттыққа үндегендерге  кәсіпкерлер, ерікті жастар, қалалық жастар мәслихатының мүшелері мен танымал өнер жұлдыздары қосылды. «Жанға жылу" қайырымдылық шарасы бір реттік емес. Әліде жалғасын табады. 

Жандос Қалтаев, қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы:

- Жалпы волонтерлыққа дүйім халықты шақыру. Еріктілік дегеніміз не? Оның қандай осал топтарға көмегі қандай екенін әрбір азаматтың өзіне қаншалықты пайда әкелетінін осы арқылы танымалдығы артады. Бір жағынан игі істер көбірек болады. Осы игі істерге мұрындық болып оларды көбейтуге мүмкіндігінше атсалысуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы