Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан теміржол тұйықтарында қатты отын қоры 17 385 тоннаны құрайды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
23-28 қаңтар аралығында елордаға 164 вагон немесе 11 298 тонна көмір түсті.
Қатты отынның орташа бағасы 9 500-13 000 теңгеге дейін жетеді. Өткен жылыту маусымы кезінде жалпы көмір тұтынуы 500 000 тоннаны құрады.